Alatau Fruits Engineering ұсынған бейнедəрістер

Достар! Біз Сіздермен жеміс және көкөніс өсіру саласындағы қарқынды технологиялар жайлы ақпаратпен бөлісуге дайынбыз.


«Alatau Fruits Engineering» компаниясы өз агробизнесіне қарқынды технологияларды ендіруге қызығушылық танытатын агрономдарға арналған семинарларды жиі өткізіп тұрады, осы семинарлардың бір бөлігін осындай қысқа бейнедәрістер түрінде тамашалай аласыздар.

Бұл парақша үнемі жаңартылып тұрады – біздің жаңа бейнедәрістерімізді жіберіп алмау үшін оны браузеріңіздің  бетбелгілеріне қосып қойыңыз. Сондай-ақ Сіздер біздің YouTube арнамызға жазылып, жаңа бейнедәрістердің шыққаны жайлы хабардар бола аласыздар.
Егер Сіз Alatau Fruits Engineering семинарларына қатысқыңыз келсе,  smm@alataufruits.kz мекен-жайына сұраным жіберіп, хатқа «Қарқынды технологиялар бойынша семинарларға қатысу» деп жазыңыздар, біз Сіз үшін жақын арада болатын семинарға орын алып қоямыз.

Сіздерге қарқынды бақты жоспарлау және отырғызғаннан кейінгі алғашқы жылдары оның күтімі жайлы дәрістер топтамасын тамашалауды ұсынамыз. 

 

№ 1 дəріс

Қарқынды бақтар – кәсіби ыңғай мен жауапкершілікті талап ететін жоғары технологиялық кәсіп, себебі бақ әлі талай жылдар бойы өсіп-өніп, жеміс береді. Бақ өсіру барысында ұсақ болғанымен, маңызы зор нәрселер жетерлік, бастапқы кезеңде орын алатын қателіктер келешекте бақтың күтімін қиындатып, шығынан көбейтіп, немесе өнім көлемінің азаюына әкеп соқтыруы мүмкін – ал бақты отырғызып болғаннан кейін, әдетте, қателіктерді түзету мүмкін болмай қалады. Сол себепті Сіздің бағыңызбен жұмыс істеу барысындағы ең маңызды кезең – жоспарлау, ал біздің жинақтаған тәжірибемізден түйгеніміз: барлық негізгі қателіктер бақты отырғызғанға дейін жасалады. 

 

№ 2 дəріс

Қарқынды жеміс бағын ортығызу туралы шешімді қабылдағанға дейін қандай талдамаларды жүргізу қажет? Топырақ пен су талдамаларының нәтижелерін қалай оқу керек және жердің бақты отырғызуға жарамдылығы жайлы есептің негізінде қандай қорытындылар жасау қажет? Неліктен топырақ талдамаларын баққа арналған жер телімін таңдап, сатып алу жайлы шешім қабылдағанға дейін жасау керек?

 

№ 3 дəріс

Жұмыр құрттар (нематодалар, өте ұсақ домалақ құрттар) өнімге үлкен зиян келтіруі мүмкін, кей жағдайда зақымданған жер телімінде ұзақ жылдар бойына ауылшаруашылық дақылдарын өсіру мүмкін болмайды.
Отырғызылатын материалдан, өсімдіктерден, сырттан әкелінетін субстраттан немесе органикалық тыңайтқыштардан жұмыр құрттарды уақытында анықтау жер телімінің зақымдануына жол бермей, оны жедел залалсыздандыру шараларын өткізу мүмкіндігін береді.
Өсімдік үлгілерін және субстраттарды жұмыр құрттың болуына талдап зерттеу – өсімдіктерді қорғаудың тұтас жүйесінің аса маңызды бөлігі.

 

№ 4 дəріс

Қарқынды бақты үсуден қалай қорғауға болады? «Мұз қалқаны» жүйесінің көмегімен егістікті үсуден қалай қорғауға болады және бұл жүйе өнімнің сақталуына қандай кепілдеме береді? «Мұз қалқаны» деген не және қалай жұмыс істейді? «Мұз қалқанын» қандай минустық температураларға дейін қолдануға болады, қандай жағдайларда үсуден қорғаудың басқа жүйесін қолдану қажет? «Мұз қалқаны» жүйесін қашан орнату керек және оның бағасы қандай? Аяздың қатқақтан айырмашылығы неде?

 

№ 5 дəріс

Қарқынды бақты үсуден қалай қорғауға болады? Желдету жүйелерінің көмегімен егістікті үсуден қалай қорғауға болады және бұл жүйе өнімнің сақталуына қандай кепілдеме береді?Желдету жүйелері қалай жұмыс істейді? Мұндай жүйені қандай жағдайда қою керек? Бұл жүйе қандай топографиялық жағдайларда мінсіз жұмыс істейді? Осы және басқа да сұрақтардың жауаптарын Сіздер қысқа бейнедәрістен таба аласыздар.

 

№ 6 дəріс

Қарқынды бақты үсуден қалай қорғауға болады? Егістікті түтіндік салу арқылы қалай қорғауға болады? Үсуден қорғаудың бұл түрінің мәні неде? Түтіндету құтыларының саны қалай есептеледі? Қандай минустық температураларға дейін қолдануға болады? Үсуден қорғаудың бұл жүйесін қолданудың қандай ерекшеліктері бар? 

 

№ 7 дəріс

Қарқынды бақты үсуден қалай қорғауға болады? Егістікті жабын материалдарының көмегімен қалай қорғауға болады? Суарудың көмегімен бақты жеңіл және аз уақытқа созылатын қатқақтан қалайша қорғаймыз және неліктен бұл әдіс тек торды қолданған жағдайда ғана нәтиже береді? Үсуден қорғаудың бұл түрі қалай жұмыс істейді? Өнімді сақтап қалу үшін үсуден қорғау жүйесін қалай таңдау қажет?

 

№ 8 дəріс

Жас бақты күзеудің қандай қажеті бар? Қарқынды алма бағын күзеу барысындағы негізгі қағидалар қандай? Қай бұтақты қиғашынан қию керек, ал «сақина» қылып, туралап кесу қандай жағдайда қажет? Бұтақтардың қайсысын сындырып аламыз, ал қайсысын қию қажет? Санитарлық күзеу қалай және қандай мақсатта жүргізіледі? Бұтақтарды неліктен төмен қарай бағыттап, жоғары қарай тік өскен бұтақтардан неліктен құтылу қажет? 

 

№ 9 дəріс

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отбасылық бақтар – кемінде 10 шаруа қожалығының кооперациясына негізделген қарқынды 5-гектарлық бақтарды отырғызудың ауқымды жобасы.
Жобаның мәнісі бақты толық циклды кәсіпқой агрокомпанияның міндетті түрде әрі қарай агросүйемелдеуімен отырғызуында. Жоба «Агробизнес - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шектерінде жүзеге асырылуда. «ОТБАСЫЛЫҚ БАҚТАР» жобасының негізгі қатысушылары:
1) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ - тапсырыс беруші және лизинг ұсынушы;
2) «Alatau Fruits Engineering» компаниялар тобы – дайын бақтарды жобалаумен және отырғызумен айналысатын, жобаны кешенді агрономиялық сүйемелдеуді жүзеге асырушы инжинирингтік компания
3) Отбасылық үлгідегі 10 және одан көп шаруа қожалықтары – дайын бақты лизинг шарттарында алушылар

 

№ 10 дəріс

Тамшылатқыш түтікше ұзақ қызмет етуі үшін, оны қалай орнатқан дұрыс? Тамшылатқыш түтікшелер бітеліп қалмауы үшін, қандай шаралар атқару қажет? Тамшылатқыштардың ішіне ұсақ тамырлардың кіріп кетуінің алдын қалай алуға болады? Баққа қанша су қажет болатындығын және бақты қаншалықты жиі суару қажеттігін қалай анықтауға болады? Метеостанциялардың құрылғылардан айырмашылығы неде? Қарқынды бақты отырғызғаннан кейінгі алғашқы жылы молынан суаруға мүлдем болмайтыны неліктен?

 

№ 11 дəріс

Бұл бейнежазбада біз сіздерді ТСЖ монтажы барысында орын алатын негізгі қателіктермен таныстырамыз

 

№ 12 дəріс

ТСЖ арқылы қандай қоректік заттарды және қандай мөлшерде беруге болады? Бәрін ТСЖ арқылы беру керек пе, әлде кейбіреуін ағашты отырғызу кезінде берген дұрыс па? «Бақта фосфор мен калийді артығымен енгізу» дегеніміз не? Тыңайтқыштарды артығымен беру барысында тұздану индексін ескеру неліктен маңызды? Азот - өсу үшін, фосфор - гүлдеу үшін, ал калий жемістер үшін қажет деген пікір дұрыс па? Бір тоннаға қоректі заттардың шығымы дегеніміз не және оның орнын қалайша толтыруға болады?