Шпалера жүйелері

Шпалера жүйелері

Шпалера жүйелері

Alatau Fruits Engineering шпалера зауыты қарқынды жеміс бақтарына арналған бетоннан жасалған тірек-шпалера жүйелерін өндіруге мамандандырылған.

Ергежейлі ағаш көшеттерінің тамырлары биік ағаштардың тамырлары секілді топыраққа терең бойламай, 1 метрден аспайтын тереңдікке жайылады. Бұл жағдай маусымның аяғында жемістер пісіп, бұтақтарға түсетін жүктеме артатын кезде біраз қиындықтар тудырады. Тірек-шпалера жүйесі – бүгінгі таңда қарқынды бақты осы қауіптен қорғайтын бірден бір жүйе.

Шпалера жүйесі – қарқынды бақ құрылымындағы міндетті элемент.

Шпалера не үшін қажет?

  • Шпалера көшеттерді отырғызғаннан кейінгі алғашқы екі жылы бақты қалыптастыру үшін қажет: ол бұтақтардың бақ үшін қажетті  дұрыс пішінге келуіне көмектеседі, ал бұл кейін өнімнің көлемін арттырады.
  • Шпалера ағаштарға тірек болу үшін қажет: ол ағаштарға қатты жел кезінде тірек болып, сондай-ақ маусымның аяғына қарай бұталарда көп жеміс пісіп-жетілетін кезде оларға түсетін жүктеменің тым артық болуынан сақтайды.
  • Шпалера тордың тірегі ретінде қажет: шпалера жүйесі бүкіл бақтың үстін жемістерді күйіктен, бұршақ пен құстардан сақтау мүмкіндігін беретін күн мен бұршақтан қорғайтын тормен жабу мүмкіндігін береді.

 

«Alatau Fruits Engineering» бетон шпалераларының артықшылықтары:

  • Шпалера бағандары және жүйенің басқа да элементтері, қатал континенталды климаттың маусымдық табиғат құбылыстарына төзімділігі ескеріліп, еуропалық сапа стандарттарына сәйкес жасалады.
  • Шпалера жүйесі қолдануда ыңғайлы және орнатуы қарапайым келеді: жүйе жер теліміне зиянын келтірмейді, себебі топырақтың бетіне орнатылады (бағандар бетондалмайды).
  • Шандып тарту әдісі жүйенің толық демонтажынсыз, оның жеке бөліктерін жөндеу мүмкіндігін береді.
  • «Agrikey»шпалераларын жасау барысында алдын ала кернелген бетон технологиясы қолданылады, бұл шпалералардың жарықтарға төзімділігін арттыра түседі: дайындау барысында құйылып жатқан бағанның ішінен кернеуге аса төзімді болат арматура салынады, одан кейін болатты арнайы құрылғымен тартып, тек содан кейін ғана үстіне бетон қоспасы құйылады.
  • Шпалераның биіктігі 3,8 м құрайды, бұл бұршақтан және күннен қорғайтын торды қызмет көрсетуші техника өте алатындай биіктікте орнатып, сондай-ақ бақтың ішінде тордың демонтажынсыз қажетті жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін береді.
  • Бетон шпалералардың пайдалану мерзімі: 20-25 жыл.

 

Өндірілетін шпалераның техникалық сипаттамалары:

а) бақтың ішкі бөлігіне арналған шпалералар, h=3,8 м, қимасы 8х8 см, 5 мм арматурамен арқауланған.

б) бақтың сыртқы бөлігіне арналған шпалералар, h=3,8 м, қимасы 10х10 см, 6 мм арматурамен арқауланған. Мұндай шпалералар арнайы бетон тіреуіштерге орнатылады, шпалера қиғашынан қойылады.

 

Alatau Fruits Engineering орналатын жеріне байланысты шпалераларды және оларға қосымша бөліктерді жобалау, шығару және орнатуды бірнеше кезең бойынша жүзеге асырады:

  • Жобалау: жердің нақты координаталарын алу, жер телімінің 3D-үлгісін құру, жүйе элементтерінің қажетті мөлшерін есептеу.
  • Өндіріс: жүйе элементтерін құю, құрылымның қосалқы элементтерін сатып алу.
  • Орнату: жүйенің барлық элементтерін жер теліміне жеткізу және компания мамандарының құрылымды орнатуы.

 

Неліктен шпалераға үнемдемей, сенімді жеткізушілерді таңдау маңызды?

Шпалера жүйесіне үнемдеп, майдагерлік/сапасыз шпалераны сатып алу жел соққан кезде, жауын-шашын кезінде (жаңбыр кезінде шпалера жүйесіне түсетін жүктеме 10-15%-ға артады) немесе өнім мол шыққан кезде бағандардың аударылып құлауына әкеп соғуы ықтимал, ал бұл ағаштардың бірнеше қатарына немесе бүкіл баққа зиянын тигізуі мүмкін:

 

Alatau Fruits Engineering шпалералардың ұзақ уақытқа төзетіндігіне кепілдік береді: шпалера жүйесі – бақтың және оның беретін өнімінің сақталуының кепілдігі.

Alatau Fruits Engineering  компаниялар тобы отырғызатын барлық қарқынды бақтар міндетті түрде оның өзі шығаратын тірек-шпалера жүйесімен жинақталады. Сондай-ақ  шпалера цехы тапсырыс бойынша  шпалера шығарып, дайын тірек-шпалера жүйесін орнатуды жүзеге асырады. Бетон шпалерасын шығарумен қатар, Alatau Fruits Engineering Түркияда шығарылатын дайын мырышпен қапталған шпалераны ұсынады.

Өзге де қызметтер

Тамшылап суару

Бақты сумен қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді тәсілі

қызмет жайлы толығырақ

Көшеттер тәлімбағы

Қазақстан-Голландия көшеттер тәлімбағы

қызмет жайлы толығырақ

Дайын қарқынды бақтар

Жекеменшік бақ тұрақты әрі табысты кәсіп ретінде

қызмет жайлы толығырақ