Көшеттер тәлімбағы

Көшеттер тәлімбағы

Көшеттер тәлімбағы

2014 жылдан «Alatau Fruits Engineering» компаниясы бірлескен қазақстандық-голландиялық кәсіпорын  - «Verbeek Almaty» көшеттер тәлімбағын ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда.

Көшеттерді жеткізуші - 1960 жылы құрылып, бүгінгі таңда аграрлық бизнесте және таңдаулы вируссыз көшеттерді жеткізу саласындағы ең танымал компаниялардың бірі - голландиялық Verbeek Boomkwekerijen компаниясы. Тәлімбақ Қазақстан Республикасының жеміс шаруашылығы саласындағы ірі ғылыми орталығы - Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЖЖШҒЗИ) мамандарының тікелей қатысуымен құрылуда.

Біздің отырғызу материалымыздың артықшылықтары:

  • бәсекеге қабілетті және өнімді көп беретін сұрыптар;
  • еуропалық сапа стандарттарына сәйкестік;
  • түр мен сұрыптың толық тазалығы;
  • көшеттердің ұласып өсуінің жоғары көрсеткіші;
  • толық сүйемелдеу мүмкіндігі (отырғызу, пішінін қалыптастыру, күзеу);
  • клиенттің қызметкерлерін оқыту: өндірушілердің ақпараттық сүйемелдеуі және қарқынды бақ өсіруді үйрету;
  • әлемдегі аса ірі көшет өндіруші компанияның тәжірибесін қолдану мүмкіндігі;
  • қызметкерлердің агроөнеркәсіп, агроинжиниринг және агроконсалтинг салаларындағы зор тәжірибесінің болуы;

«Verbeek Almaty» көшеттер тәлімбағы Голландия мен Түркияның алдыңғы қатарлы тәлімбақтарынан көшет жеткізумен айналысады:

  • бір жылдық көшеттер;
  • бір жылдық ұшарбасы қалыптастырылған көшеттер;
  • екіжылдық книп баум көшеттері;
  • екі жылдық би баум көшеттері.

 

Қосымша ақпарат алу үшін verbeekalmaty@alataufruits.kz хабарласыңыз немесе кері байланыс үлгісі арқылы хабарламаңызды қалдырыңыз

Өзге де қызметтер

Шпалера жүйелері

Өзіміз өндіретін тірек-шпалера жүйесі

қызмет жайлы толығырақ

Тамшылап суару

Бақты сумен қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді тәсілі

қызмет жайлы толығырақ

Дайын қарқынды бақтар

Жекеменшік бақ тұрақты әрі табысты кәсіп ретінде

қызмет жайлы толығырақ