Тамшылап суару

Тамшылап суару

Тамшылап суару

Тамшылап суару (ағылш. - drip irrigation) бүгінгі таңда суарудың ең тиімді және кең таралған тәсілі болып табылады. Бұл су тікелей өсімдіктердің тамыр бойына мөлшерленіп шағын бөліктермен берілетін суару тәсілі, оның арқасында судың және басқа да ресурстардың: тыңайтқыштардың, еңбек шығындары мен қуаттың едәуір үнемделуіне қол жеткізіледі. Тамшылап суару сондай-ақ неғұрлым ерте өнім беру, топырақ эрозиясының алдын алу, аурулар мен арамшөптердің таралу ықтималдылығын азайту секілді артықшылықтарға ие.

Оның басты ерекшелігі – судың тікелей көшеттің тамырына берілетіндігінде. Сонымен қатар, өсу үшін қажетті ылғалдың нақты мөлшері ескеріледі, ал бұл су мен энергияның шығынын айтарлықтай азайтады. Нәтижесінде минималды шығынмен жылдам өсетін және толыққанды қызмет ететін баққа қол жеткіземіз.

Тамшылап суарудың артықшылықтары:

  • Бақтың бүкіл өмір сүру мерзімі барысында өсімдік тамырларының оңтайлы мөлшерде және жүйелі түрде ылғалмен қанығуы.
  • Көшеттердің ауруға шалдығу тәуекелін қысқарту
  • Топырақтың қасиеттері сақталады: топырақ тығыздалмайды, оның құрылымы өзгермейді, ауаның өтуіне кедергі жасайтын қабыршақ құрылмайды;
  • Судың, еңбек ресурстары мен уақыттың үнемделуі
  • Пайдалану жеңілдігі және қолдану аясының кеңдігі
  • Топырақ экологиясының сақталуы: топырақ суланбайды, тұзданбайды және құрғамайды, топырақ эрозиясы пайда болмайды.
  • Жоғары дәрежелі автоматтандыру: тамшылап суару үнемі қадағалауды талап етпейді.
  • Фертигация: суда еритін тыңайтқыштарды қажетті мөлшерлерде және тікелей көшеттердің тамыр аймағына енгізу

Біз ұсынатын қызметтер:

  • жоғары сапалы техникалық құралдар мен жабдықты қолдана отырып, суару саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, суару жүйелері бойынша инженерлік-техникалық шешімдерді әзірлеу,
  • жер бедерін, топографиясы мен гидрогеологиясын ескере келе, нақты жер телімі үшін тиімді суару тәсілдерін анықтау,
  • жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір вегетация маусымы барысында жобаға технологиялық және сервистік сүйемелдеу жасау;
  • дақылдарды, ауыспалы егістер жүйесін, сұрыптар менөсімдіктерді күту және қорғау құралдарын қоса алғанда, егу технологиялары бойынша кеңес беру.

Тамшылап суару бойынша шешімдер келесі міндеттерді атқару мүмкіндігін береді:

  • Шамадан тыс ылғалдану мен құрғап қалуды болдырмайтын су мен тыңайтқыштардың дәл және біркелкі етіп бөлінуі
  • Тіпті күрделі топографиялық жағдайларда да су мен тыңайтқыштардың уақытылы және біркелкі бөлінуін
  • Судың, энергия мен тыңайтқыштардың айтарлықтай үнемделуі, бұл бұрын өңдеуге жарамсыз деп саналған топырақтың өзінде де жоғары өнімділікке қол жеткізу мүмкіндігін береді
  • Тамшылатқыш жолақты жердің бетіне, жердің астына және шпалераға орнату.
  • Пайдаланудың ұзақ мерзімі.

«Alatau Fruits Engineering» компаниялар тобы отырғызатын барлың қарқынды бақтар дайын тамшылап суару жүйесімен жинақталады. Alatau Fruits Engineering ұсынатын тамшылап суару жүйесі – сіздің бағыңыз бен егістігіңізді сумен қамтамасыз етудің үздік орындалған ең тиімді тәсілі!

Қосымша ақпарат алуға қажетті байланыс көзі: irrigation@alataufruits.kz

Өзге де қызметтер

Шпалера жүйелері

Өзіміз өндіретін тірек-шпалера жүйесі

қызмет жайлы толығырақ

Көшеттер тәлімбағы

Қазақстан-Голландия көшеттер тәлімбағы

қызмет жайлы толығырақ

Дайын қарқынды бақтар

Жекеменшік бақ тұрақты әрі табысты кәсіп ретінде

қызмет жайлы толығырақ