Дайын қарқынды бақтар

Дайын қарқынды бақтар

Дайын қарқынды бақтар

Қарқынды бақ өсіру – Қазақстан үшін бизнестің біршама жаңа түрі, дегенмен әлемдік тәжірибеде бұл кәсіп инвестициялаудың ең тиімді әрі сенімді жолдарының бірі болып табылатындығын дәлелдеді. «Қарқынды бақ» атауымен енді танысып жатқандар үшін бірінші кезекте мынаны түсінген маңызды: инвестициялардың едәуір бөлігінің тез арада орны өтеліп,  салынған қаражат жоба басталғаннан кейінгі төртінші-бесінші жылы толықтай өзін ақтайды, одан кейін қарқынды бақ тұрақты түрде пайда бере бастайды.

Әлемдік тәжірибеде қарқынды бақтар – бизнестің ең тұрақты түрлерінің бірі: арнайы тәлімбақтарда өсірілген көшеттердің таңдаулы сұрыптары  2-3 жылдан кейін ақ  пайда әкеле алады, ал кәсіпқрй бағбандар өнімді қалай жинап, сақтауды біледі - жоғары технологиялар оңтайлы болжанатын нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін береді.

ҚАРҚЫНДЫ БАҚ ӨСІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

  • Отырғызу: бір гектарға 2500-ден астам ағаш отырғызылады.
  • Ергежейлі біржылдық көшеттер (М9).
  • Ерте тауарлық жеміс беру: 2-3 жылдан соң.
  • 5-6-шы жылдағы өнімділігі: бір гектардан  50-70 тонна.
  • Бақтың жетілген кезеңіндегі кепілді жеміс беруі (5-6-шы жылдары): 50-70 тонна/га.
  • Тамшылап суару жүйесі бақты қажетті су мөлшерімен қамтамасыз етіп, сонымен қатар, тыңайтқыштарды енгізу мүмкіндігін береді, ал бұл суды үнемдеп, тыңайтқыштардың, қуат пен адами ресурстар шығынын азайтады.
  • Тірек-шпалера жүйесі: Тірек жүйесі қарқынды бақтың дұрыс қалыптасуы үшін қажет, шпалера өнімнің сақталуы мен желге төзімділігін қамтамасыз етеді.
  • Бұршақтан, күннің УК-күйіктерінен және құстардан қорғайтын әрі микроклиматты құруға қажетті қорғаушы тор.
  • Заманауи мамандандырылған техника қол жұмысына деген қажеттілікті жояды, бақтағы ұдайы жүргізілетін жұмыстардың мерзімін қысқартады,  жалпы бақтағы жұмыстардың тиімділігін арттырады.
  • Міндетті агросүйемелдеу: бақтың жағдайына үнемі кешенді диагностика жүргізу, бақтың күтімі бойынша негізделген ұсынымдар бере отырып,  зертханалық мониторинг жасау.

Бүгінгі таңда дайын жеміс бақтарын отырғызу бірегей қызмет түрі болудан қалды. Alatau Fruits Engineering ұсынысының бірегейлігі - қызмет көрсетудегі кешенді ыңғай және клиентке деген кешенді қамқорлық. Біз бағбанға жүктелген шаруалардың едәуір бөлігін өз мойнымызға аламыз:

  • Дайындық кезеңінде компания жер телімін таңдап, қажетті құжаттарды рәсімдеуге, бизнес-жоспарды әзірлеуге көмегін береді. «Alatau Fruits Engineering» субсидиялар, инвестициялар, ағымдағы мемлекеттік агробизнесті қолдау бағдарламалары және басқа да қаржы құралдары жайлы мәлімет береді. «Alatau Fruits Engineering» компаниясы қажетті инфрақұрылым орнату – қожалыққа апартын жолдар салу, сумен қамтамасыз ету, электр қуатымен қамтамасыз ету секілді шараларды өз мойнына алуы мүмкін.
  • Жобаны жүзеге асыру кезеңінде компания дайын тамшылап суару жүйелері мен тірек-шпалера жүйесін орнатады, көшеттерді өзі таңдап, сатып алады және өзі отырғызады (сұрыптың жергілікті климатқа және ауруларға төзімділігін, алмасып тозаңданудың ерекшеліктерін ескере отырып), әлемнің алдыңғы қатарлы агрономдары мен білікті мамандарын жұмысқа тартып, тыңайтқыштарды нүктелі енгізу, пестицидтер мен гербицидтермен өңдеу жоспарын әзірлейді.
  • Өнімді жинау кезеңінде біз өзіміздің тікелей қатысуымызбен өсірілген өнімді сатуға атсалысып, жиналған өнімді бағбаннан сатып аламыз, сондай-ақ өнімді сақтау, өңдеу, қаптамалау және тасымалдау бойынша ұсынымдар жасаймыз.

Оның үстіне, жеміс бақтары тек инвестицияның жақсы нысаны болып қана қоймай, туған жердің әлеуетін ашуға қосылатын зор үлес болып табылады. Біздің аймақтағы міндетіміз – қазақстандық өнімді өсіру үшін, Қазақстанның ішкі нарығын отандық өніммен толтыру үшін, елдің оңтүстік аймағының климаттық әлеуетін пайдалану. Еліміздегі ауа-райы жағдайы керемет дәмдік қасиеттерге ие өнім өсіру мүмкіндігін береді, ал заманауи технологияларды пайдалана отырып, бізде бизнестің бұл түрін жаппай және қолжетімді қылуға мүмкіндік бар.

Қосымша ақпарат алу үшін info@alataufruits.kz электронды мекен-жайына жазыңыздар

 

Өзге де қызметтер

Шпалера жүйелері

Өзіміз өндіретін тірек-шпалера жүйесі

қызмет жайлы толығырақ

Тамшылап суару

Бақты сумен қамтамасыз етудің неғұрлым тиімді тәсілі

қызмет жайлы толығырақ

Көшеттер тәлімбағы

Қазақстан-Голландия көшеттер тәлімбағы

қызмет жайлы толығырақ