Жобалар

Алматы облысындағы жекеменшік бақ

Алматы облысындағы жекеменшік бақ
 

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы интенсивті алмабағы

Бақтың отырғызылға жылы: 2015 
Ауданы: 25 га
Тапсырыс берушіЖеке тұлға
Атқарушы: «Alatau Fruits Engineering» ЖШС

Жоба кезеңдері:

  • Бақты жобалау және отырғызу алдындағы жұмыстар: 2014 жылдың қараша айынан
  • Көшеттерді отырғызу: 2015 жылдың мамыр айы
  • Тамшылап суару жүйесін іске қосу: 2015 жылдың маусым айының бас кезі
  • Бетон шпалераларын орнату: 2015 жылдың маусым-тамыз айлары

Отырғызу материалы: голландиялық Verbeek Boomkwekerijen тәлімбағының таңдаулы вируссыз көшеттері. 
Алма ағаштарының сұрыптары (М9 екпесі): Гала, Голден Делишес, Фуджи, Гренни Смит, Айдаред. 
Отырғызу сызбасы: 3,5х1 и 4х1.

Бақты суару тамышлап суару жүйесін пайдалау арқылы жүргізіледі, сондай-ақ тамшылап суару жүйесі арқылы тыңайтқыштарды ендіру қарастырылған. Бақты қалыптастыру және көшеттерге тірек құру үшін жеке өндірістен шығатын бетон тірек-шпалера жүйесін орнату жүргізіледі. Бақтың бір бөлігі үшін мырышпен қапталған шпалера жүйесі қолданылған.

Жоба «Alatau Fruits Engineering» ЖШС толық агросүйемелдеуімен жүзеге асырылады.

«Amiran» Қазақ тағамтану академиясының зауыты

«Amiran» Қазақ тағамтану академиясының зауыты
 

Ауданы749 га
Дақылдарсоя, жүгері
Тапсырыс беруші «Amiran» Қазақ Тағамтану академиясының зауыты
Атқарушы «АгроДоктор Қазақстан» ЖШС

«Исмида» шаруа қожалығы

«Исмида» шаруа қожалығы
 

Ауданы: 48 га
Тапсырыс беруші: Жеке тұлға
Атқарушы: «Alatau Fruits Engineering» ЖШС

Әрекет етуші экстенсивті 7-жылдың алма бағын агросүйемелдеу.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отбасылық бақтар»

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Отбасылық бақтар»
 

Жоба ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шектерінде, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қатысуымен жүзеге асырылады. 
Атқарушы: «Alatau Fruits Engineering» ЖШС
Бақтың отырғызылған жылы: 2015 
Ауданы: 50 га

 

«Отбасылық бақтар» - 10 және одан да көп шаруашылықтың кооперациясы принциптеріне негізделген қарқынды 5-гектарлық бақтарды отырғызудың ауқымды жобасы.

Жобаның мәнісі бақты кәсіпқой агрокомпанияның міндетті түрде әрі қарай толық циклды агросүйемелдеуімен отырғызуында.

Жобаның ерекшеліктері:

  • Отырғызу: бір гектарға 2500-ден астам ағаш отырғызылады.
  • Ергежейлі біржылдық көшеттер (М9). Голландияның Verbeek тәлімбағының таңдаулы вируссыз көшеттері
  • Ерте тауарлық жеміс беру: 3-4-ші жылы.
  • 5-6-шы жылдары өнім беруі: бір гектардан 50-70 тонна.
  • Тамшылап суару жүйесі бақты қажетті су мөлшерімен қамтамасыз етіп, сонымен қатар, тыңайтқыштарды енгізу мүмкіндігін береді, ал бұл суды үнемдеп, тыңайтқыштардың, қуат пен адами ресурстар шығынын азайтады.
  • Бетон шпалера жүйесі: Тірек құрылымы қарқынды бақтың дұрыс қалыптасуы үшін қажет, шпалера өнімнің сақталуы мен желге төзімділігін қамтамасыз етеді.
  • Бұршақтан, күннің УК-күйіктерінен және құстардан қорғайтын әрі микроклиматты құруға қажетті қорғаушы тор.
  • Заманауи мамандандырылған техника қол жұмысына деген қажеттілікті жояды, бақтағы ұдайы жүргізілетін жұмыстардың мерзімін қысқартады, жалпы бақтағы жұмыстардың тиімділігін арттырады.
  • Міндетті агросүйемелдеу: бақтың жағдайының диагностикасы, ауруларды қоздырушыларға зертханалық мониторинг жасау, минералды қоректендіру және т.б. ұсынымдар беру.

Жоба «Alatau Fruits Engineering» ЖШС толық агросүйемелдеуімен жүзеге асырылады.