FAQ

Бақтың 1 га құны қандай? Орта есеппен.

 

Сұрағыңызға рахмет. Әрбір бақ өз сипаттамалары бойынша бірегей болып келеді, ал дайын бақтың бағасы көптеген факторлардан құралады – судың қолжетімділігі және оның сипаттамалары, топырақтың бақ өсіруге жарамдылығы, отырғызу және суару технологиясы, бастапқы отырғызу материалы, жалпы жер телімінің орналасқан аймағы мен топографиясы және басқа да көптеген фактораларынан.

1 гектары $50 000 құрайды деген кезде, біз бұл тек шартты сан ғана, және ол қажетті шараларды (топотүсірілім, су мен топырақ талдау) өткізгеннен кейін, сондай-ақ клиенттің сұранымдарын ескере отырып нақтыланатындығы жайлы айтамыз. Қорытынды бағасы тек жобалау кезеңінен кейін ғана айтылып, нақты бизнес-жоспарға және нақты жер теліміне байланыстырылады.

Сондай-ақ компания мамандары қашанда клиенттерге бақты отырғызудың алғашқы жылдары қаржы жағынан қолдау көрсете алатын қаржы құралдарының (субсидиялар, лизинг, несиелер) қолжетімділігі жайлы хабардар етеді.

"Отбасылық бақтар" бағдарламасына қатысқым келеді. Оған қай жерде жазылуға болады?

 

"Отбасылық бақтар - 2015" бағдарламасы басталып кетті және лизинг алушыларды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ анықтап қойды. Біз Алматы облысындағы "Отбасылық бақтар - 2016" бағдарламасын жүеге асыруды жоспарлап қойдық. Қазіргі уақытта Alatau Fruits Engineering  компаниялар тобы осы жоба үшін бөлінген аумақтардың бақ өсіруге жарамдылығын бағалау жұмыстарын жүргізуде. Оңтайлы жер телімін таңдағаннан кейін бақты жобалау жұмыстары жүргізіледі, бұл кем дегенде бір ай уақытқа созылады. Дайын жобаны ұсыну жобаның әлеуетті қатысушыларының, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қатысуымен, Алматы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен жүргізіледі. Жобаны ұсыну шарасының өткізілетін күні мен уақыты кейін белгілі болады, біздің сайтымыздағы жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар.

Сондай-ақ Сіз «Отбасылық бақтар -2016» бағдарламасына қатысқым келеді» деп көрсетіп, сайтымыздағы кері байланыс үлгісі арқылы өз мәліметтеріңізді қалдырып, байланыс телефондарын және e-mail көрсетсеңіз болады.

Сіздің компанияңыз Алматы облысындағы 20 га алма бағын күзеу бойынша ұсынымдар бере алады ма? Баққа 4 жыл болды.

 

Сіз біздің агрономдарымызбен хабарлассаңыз болады. Alatau Fruits Engineering компаниялар тобында  Сіз біздің «АгроДокторҚазақстан» атты кешенді зертханасынамыздағы арнайы талдамалардан бастап, толық агросүйемелдеу қызметіне дейінгі қызметтердің толық кешенін ала аласыз. Мына телефон арқылы хабарлассаңыз болады: (727) 335 60 55 (вн.500) немесе сұрағыңызды мына e-mail-ге жазыңыз: info@alataufruits.kz

Сонымен қатар, Сіз «Семинарларға қатысқым келеді»деп көрсетіп, кері байланыс үлгісі арқылы сұраным қалдыруыңызға болады, сонда Сіздің e-mail Alatau Fruits Engineering компаниялар тобының оқыту семинарлары бойынша хабарлама жіберу базасына енгізіледі.

Шпалера барлық жағдайда қажет пе?

 

Тірек-шпалера жүйесі – қарқынды бақтың міндетті құрамдаушысы. Ол қатты желде баққа тіреу болады және көп жеміс пісетін маусым аяғына қарай ағаш бұрақтарына түсетін жүктемені жеңілдетеді. Сонымен қатар, шпалераға бұршақтан және күннен қорғайтын тор бекітіледі, ол бақты құстардан, бұршақ пен күнге күюден қорғайды.

Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, қарқынды бақтармен қатар, шпалера жүйесін қажет етпейтін жартылай қарқынды бақтардың болатындығын атап айтқымыз келеді. Мұндай бақтарда, оған қоса, басқа отырғызу материалы қолданылады, бірақ мұндай бақтар кемел жеміс беру кезеңіне біршама кейінірек енеді.